Лұт () — ислам пайғамбары. Ибраһиммен () бір уақытта өмір сүрді және оның туысы, Һаранның ұлы болды. Лұт пайғамбар (а.с.) – Араб түбегінде жайлап кеткен пұтқа табынушылықпен жан аямай күрескен, халықты бір ғана Жаратушыға иман келтіруге шақырған, осы бір қасиетті жолда өмірінің соңына дейін асқан сабырлылық пен төзімділік таныта білген. Оның пайғамбарлығы мен бүкіл өмірі Иордания мемлекетінің аймағында орналасқан Лұт көлінің маңайында өткен. Бүгінгі күні алақандай ғана жерге ие бұл тұзды көл кезінде ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан, жағалай ірі қалалар қоныс тепкен, өте шұрайлы мекен болған. Сол қалалардың екеуінің аты күні бүгінге дейін әлі ұмытылмай, тіпті ғылыми қазба жұмыстары мұндай қалалардың тарихта расында да болғандығын дәлелдеуде. Бұлар: Шезум (Содом) және Оморе (Гомор) қалалары еді.

Ибраһиммен ұзақ жыл қарым-қатынаста болған адам. Аллаһ Тағала Лұтты Иорданиядағы Содум қауымына Пайғамбар етіп жіберген. Ол бір бұзылған ел еді. Жолаушыларды тонап, қарақшылық жасайтын, әйелдері бола тұрса да еркектермен әуейі болатын күнәһар әдеттері болған. Лұт (а.с.) оларға насихат айтып, жақсы жолға жетеледі.

Тәубе үйіріңдер, бұзықтықты тастаңдар деді. Ондай қылықтардың ақыры жақсы болмайтынын ескертті. Бірақ, райларынан қайтара алмады. Керісінше, Пайғамбардың өзін «таспен атып өлтіреміз, ел ішінен аластаймыз» деп, әрекет жасады. Осылары үшін Аллаһтың каһарына ілікті. Жазаны орындау үшін Аллаһ Тағала сұлу жігіттер бейнесінде періштелер жіберді. Лұт (а.с.) оларды адам екен деп біліп, қауымының оларға бұзықтық жасайтыныңан қауіптенді. Айтқандай-ақ, олар бұзықтық жасамаққа кірісті. Лұт Пайғамбар (а.с.) оларға, «Керек болса, қызымды алыңдар, әйелдерің де бар ғой. Меймандарымнан аулақ жүріңдер», – деп жалынды. Меймандар өздерінің періште екенін, бұзықтар ештеңе істей алмайтының, керісінше олардың көздерін жойғалы келгенін айтты.

«Үй-ішіңді ал да бұл жерден тез кет», – деді Пайғамбарға. Бірақ, сенің бұзық әйелің күнаһармен бірге жаза тартады деді». Құдірет бұл қауымға аспаннан тас жаудырып, жайратып тастады. Лұт Пайғамбардың есімі Құранда 27 жерде кезігеді.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:Пайғамбарлар Санат:Дін Санат:Ислам