Балтабай Сейітмамытұлы (11 сәуір 1950, Қастек ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы – 3 ақпан 2026) — кеңестік және қазақстандық актёр, режиссёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), Құрмет орденінің иегері (2013), Алматы облысының құрметті азаматы (2010).
Білімі Сейітмамытұлы Әуезов атындағы театрдың жанындағы театр студиясын (1971) театр және кино актері мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (1996), драма және кино режиссері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Балтабай Сейітмамытұлы — «Жүрегім ашық жақсыға» кітабының (2010); жарияланған спектакль рецензияларының авторы.
1974 жылдан ол — С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актері. 1976 жылдан ол — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері. 1978 жылғы маусымнан ол — «Гүлдер» республикалық ансамблінің актері. 1978 жылғы қыркүйектен ол — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының актері. 1984 жылдан бері ол — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері.
Шығармашылығы Сейітмамытұлы келесі спектакльдерде ойнады: I. Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (Қозы), Е. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (Рахмет), С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П. Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), «Қызыл жебе» (Жармұханбетов), У. Шекспирдің «Даулы түнгі думан» (Тизей), М. Әуезовтың «Абай» (Айдар), Т. Теменовтың «Мулен Ружға шақыру» (Сахнаның киесі), Ә. Таразидің «Індет» (Қызыл әскер), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Жиөнбай), Е. Төлеубайдың «Жерұйық» (Бастық) және т.б.
Марапаттары
Халықаралық театр фиститвальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері. «Алтын қанатты адам» сыйлығының иегері. 2007 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. 2010 жылы Алматы облысының құрметті азаматы атағы; 2010 жылы Жамбыл ауданының құрметті азаматы атақтары берілді. 2013 жылы президент жарлығымен Құрмет орденінің иегері атанды. 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі.
Жеке қасиеттері Әскери атағы — аға матрос. Діни көзқарасы — ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Оптимистік». Хоббиі — өлең, әңгіме, пьеса, сценарий жазу. Сүйіп оқитын әдебиеті — классикалық, тарихи, философиялық, Мысыр философтары туралы кітаптар. Үйленген. Жұбайы — Сапахова Ләззат Айтханқызы, «Хабар» агенттігінің редакторы. Ұлдары — Арман Балтабайұлы, «Хабар» агенттігінің журналисі; Айдын Балтабайұлы, кино операторы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Қазақстан театр актерлері