Экономикалық Картография — экономикалық карталар мен әлеуметтік-экономикалық карталарды дайындаумен және пайдаланумен байланысты тақырыптық картографиядағы бағыт. Мұнда да картографияның қағидалары мен материалдар (карталардың географиялық негіздері, картографиялық бейнелеудің тәсілдері, карталардың мазмұны, оны қорытудың ғылыми-негіздемесі және т.б.), әлеуметтік-экономикалық статистикалық материалдар (бастапқы статистикалық материалдар, оларды өңдеудің әдістері және т.б.) пайдаланылады. Қазіргі кезде Экономикалық картографияның дамуына географиялық қағидалармен бірге жаңа әдістер мен құрал-жабдықтарды: математикалық-картографиялық үлгілерді пайдаланудың, автоматтандырудың және бірыңғай географиялық деректер қорын құрудың, ғарыштық түсірімдерді пайдаланудың маңызы өте зор. Экономикалық картографияның ғылыми теориясы КСРО-да күшті дамыды (Н.Н. Баранскийдің және т.б. еңбектері).Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия

hr:Ekonomska geografija