А.Янушкевич көшесі Жәнібек Тархан көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. А. Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 914,4 м.
Адольф Янушкевич (1803-1857) - поляк халқының көрнекті төңкерісшіл-демократы, көсемсөзші. 1845-1846 жылы экспедиция құрамында Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарын аралады. Янушкевичтің онда көргендері, алған әсерлері туралы Янушкевичтің хаттары мен естеліктері «Адольф өмірі» деген атпен кітап болып шықты. Сонымен қатар, «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» атты кітабы Алматыда жарық көрді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері