Оғыланды орамы. Бұрынғы атауы Проектный қысқа көшесі. Оғыланды орамы К.Бәйсейітова көшесінен басталып, Бейсекова көшесінде аяқталып, В. Мартылога қысқа көшесіне айналады. Ұзындығы - 330 м.

Оғыланды - Үстірттің оңтүстік сілеміндегі киелі орын. Бекет ата мешіті осы қасиетті орынға жақын орналасқан. Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда, Бекет атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген де Оғыланды екен. Оғыланды - түркі сөзі, ол «ұлан», «бала» деген ұғымды береді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері