Мұқан Төлебаев көшесі (Астана) - бұрынғы атауы Қарағанды-Астана трассасы. Мұқан Төлебаев көшесі Мұқан Жұмабаев даңғылынан басталып, Қарағанды-Астана трассасына дейін созылып жатыр. Мақтымқұлы, Б. Момышұлы даңғылын, Арқайым, Жаңаарқа, Бурабай, Жалаңтөс, Жанкент, Балқантау, Құмкент, Айнакөл, Көкжелек, Бәйшешек, Көкарал, Шарбақты көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 4886,3 метр. Мұқан Төлебаев (1913-1960) - қазақтың көрнекті композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері