Меркі көшесі (Астана)- бұрынғы атауы Мереке көшесі. Меркі көшесі Космонавтар көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 584,6 метр. Меркі - Шу алабындағы өзен. Мерке ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы - 100 шақырым. Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шимен ауылы тұсында Қорағаты өзенше құяды. Сонымен қатар, Меркі - көне қала атауы және Тараз облысындағы аудан орталығы.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері