Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев (10.9.1957 жылы туған, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас кеңшары) — филология ғылымдарының докторы, профессор.

Өмірбаяны 1974 жылы Шаян селосында М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, екі жыл құрылыста ағаш шебері болып жұмыс істеген. 1976-1981 жылдыары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филолология факультетінде оқыған 1981—1985 жылы Алғабас ауданы, Шаян орта мектебінің мұғалімі қызметін атқарған. Шымкент педагогикалық институтында аға лаборант (1985) 1986—1989 жылы қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, зерттеуші-ізденуші. 1989—1991 жылы Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиапында оқытушы. 1992 жылдан бастап Шымкент педагогика және дене тәрбиесі институтының қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы. 1994-1998 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы ОҚУ-да кафедра меңгерушісі 1999-2010 жылдары филология факультетінің деканы, 2010-2020 жылдары құрылымынң өзгеруіне байланысты филология жоғары мектебінің директоры қызметін атқарды. Қазіргі таңда аталған оқу орнының профессоры.

Ғылыми жұмыстары Филология ғылымдарының докторлары К.Ш. Хусайынов пен Е.Ә. Керімбаевтардың жетекшілігімен "Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипаттары" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. 2006 жылы«Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Соңғы жиырма жыл уақыт аралығында Облыстық Ономастикалық комиссиясының тұрақты мүшесі, соңғы екі жылда Қалалық ономастикалық комиссиясының мүшесі. Алыс-жақын шет елдерде, сондай-ақ Қазақстан қалаларында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жалпы тіл білімі, когнитивтік лингвистика, ономастика салалары бойынша 100- ге жуық баяндама жасадым, нәтижесінде ол баяндамалар ғылыми еңбектерде жарық көрді. Тіл білімі саласы бойынша 3 монография, 2 оқу құралы, 5 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. 10-нан астам мақала жариялады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен, Облысқа сіңірген еңбегі үшін медалімен, Ы. Алтынсарин медалімен, сондай-ақ түрлі мерекелік медалдармен марапатталған. 2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасын» үш рет иеленген. Облыс әкімінің мақтау хатымен төрт рет марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған ғылыми жобалардың авторы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Алматы мемлекеттік медицина институты оқытушылары Санат:Шымкент педагогика және дене тәрбиесі институты оқытушылары