Терісаққан — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Терісаққан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ұлытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 122 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 635 адам (315 ер адам және 320 әйел адам) болса, 2009 жылы 300 адамды (157 ер адам және 143 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 295 адамды (160 ер адам және 135 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы «Терісаққан» кеңшары 1976 жылы құрылды. Жерінің жалпы ауданы 103,2 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты — егін шаруашылығы болды. 44 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Инфақұрылымы Округтің елді мекендерінде мектеп, ФАП, басқа да мәдени қызмет көрсету нысандары бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Арқалық темір жол стансасы 70 км-дей жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері