Кесу процесін іске асыру шарттары (орыс. условия протекания процесса резания) — кесу процесі ендірілетін өзгерісті мәліметтермси сипатталады, яғни кесудің берілетін немесе бақыланатын факторларымен. Берілетін өзгерісті факторларға мыналар жатады: 1) өңделетін ағаштың қасиеттері (тығыздығы, әртүрлі әсер ететін күштердің әсерлеріне беріктігі, серпімділік модулі, ылғалдылығы, температурасы тағы басқа); 2) өңделетін материалдың өлшемдері (диаметрі, ұзындығы,ені, қалындығы); 3) кескіш құрал жүзі жасалатын материалдың қасиеттері; 4) құралдың және оның жүзінің құрылымдық параметрлері; 5) кесетіп құралды дайындау және орнату параметрлері; 6) кесу тәртібінің параметрлері (бас қозғалыстың жылдамдылығы, беріс жылдамдылығы, қос жүріске немесе айналымға беріс, жүзге немесе тіске беріс, кесілетін қабаттың қалыңдығы,Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер