Ш. Бейсекова көшесі — Конституция көшесінен басталып, Шыңғыс Айтматов көшесіне айналып аяқталады. Аманқарағай, М. Дулатов, Оғыланды орамын. Мартылога, Абат-Байтақ, Оқжетпес, Н. (С.) Қожахметов, М. Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулл Азиз,Н. Тілендиев д-лы,Ш. Қосшығұлұлы, Бейбарыс Сұлтан, Бердібек Соқпақбаев, Ермек Серкебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 3700 м.

Шабал Бейсекова (1917-1997) - әнші, Қазақстанның халық әртісі. 1935-1938 жылдары Алматы қаласындағы музыкалық училищесінде, содан соң 1939-1941 жылдары Мәскеу музыкалық консерваториясының қазақ студиясында (М.З.Владимиров сыныбында) оқыған. Шабал Бейсекованың орындаған әндері: Жібек (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек»), Ажар (А. Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай» операсы), Сара (М. Төлебаевтің «Біржан мен Сара»), Татьяна (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин») және т.б. Опера өнерін дамытқаны үшін оған 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері