Кампучия өнері. Кампучия аумағында болған ең көне мемлекет — Фунань патшалығы. Оның орталығы Оңтүстік-Шығыс Кампучияда болды. Фунань мәдениеті Кампучияның оңтүстігі арқылы батысқа, Таиланд пен Бирма жеріне тарағаны белгілі. «Вьетнам мен Лаос өнері» деген тарауда бұл жөнінде толығырақ айтылады.
thumb|300px VI ғасырдың орта шенінде Фунаньның орнына солтүстікке қарай, Меконг ағысының орта тұсын және қазіргі Лаостың бірқатар аудандарын мекендеген Ченла мемлекеті пайда болды. Ченла бастапқы кезде Фунаньға вассалдық тәуелдікте болуы да мүмкін. Алайда, VI ғасырдың аяқ шенінде бұл мемлекет оңтүстік аймақтарды бағындырып, Фунаньның тарихи және мәдени дамуының мұрагері болды. Фунань халқының негізін кхмерлер құрады; Ченлада кейіннен Ангкор туындыларында өзіндік шыңына жеткен кхмер халқының мәдениеті өркендеді. Фунань деген атау қытайлардан шыққанын айтқан жөн. Ол көне кхмердің кытайланылған атауына айналған «пном» (тау) деген сөзінен шыққан. Орта ғасырларда бұл мемлекет Камбоджа деп аталса, жақында, 1975 жылғы Конституция бойынша, Демократиялық Кампучия деп аталатын болды.
Фунань өнерінен көп нәрсе сақталмаған. Ченла дәуірінде VI—VII ғасырларда тұңғыш рет әйгілі камбоджалық тастан жасалған ғимараттар мен мүсіндер пайда бола бастады. Кхмер өнерінің ангкорлыққа дейінгі кезеңі деп аталған кхмер өнері дәл осы кезден өркен жаяды. Пном да мекеніндегі көне, нашар сақталған, тұрқы шағын кішкене храм базальтты тақталардан салынған. Болжам бойынша, ол —VI ғасырдың туындысы. Бұл — екі метрлік целлаға орнатылған пирамидалы мұнара. Сыртына әсемдік берерліктей безендірулер жасау жағына мән берілмеген. Храмның жоспары мен жобасы Гупттар кезеңіндегі кейбір көне үнді ғимараттарын еске түсіреді.
thumb|left|250px Мұндай мұнаралардың көпшілік бөлегін Самбор Прей Куктен кездестіруге болады. Олар мұнда кірпіштен қаланған. Ченла мемлекетінің (оның санскрит бойынша аталуы — Ишанапура) жаңа астанасындағы храмдар сыртынан кірпішке салынған бедерлі суреттермен, бейнелік әшекейлермен, мәселен, қасиетті қаздар бейнелері салынған фриздермен безендірілген. Осындай қаздар бейнесі Маурьялар дәуіріндегі Ашока капительдерінен белгілі үнділік ұлгі — хамсаларды еріксіз еске салады. IX ғасырдың аяқ шеніне қарай кхмер храмдары құрылысының сырт пішіні өзгерді. Ролуоста (Харихаралая) бұл қасиетті мұнаралар арыстан мүсіндерімен жиектелген сатылы ортақ үлкен тұғыртабанға топтастырылған. Мұнда құрылыс материалдары ретінде әдетте кірпіш пен құмтас пайдаланылған. Мұнараның кіре беріс жақтағы қабырғасы сылақпен әрленіп, әсем безендірілген. Көлденең қима-белдеулер мұнараның бойымен жоғары қарай жіңішкере түсетінін көрсетерліктей етіп, сатыланып жасалған.
Банконг храмы — сол кездегі Ролуостағы онша ескі емес, тәптәуір сақталған храм-таулардың қатарына жатады. Бұл ғимарат Ченладан кейінгі кезеңге жатқанымен, мейлінше, көне дәуірмен байланысты болғандықтан алынып отыр. Мұндай храм-таулар кхмер сәулетінің барлық кезеңдеріне тән, сонымен бірге уақыт өткен сайын храмның және оның айналасындағы қосалқы құрылыстар көлемінің ұлғая түскендігі байқалады. Храмның сыртқы үлгісі мен табанының ұзындығы 65 метрлік, бес террасаға бөлінген, құмтастан жасалған жасанды төбе құрылысы мейлінше қарапайым. VIII ғасырда Ченланың бір бөлегін явалық Шайлендрлер әулетінің билеушісі біраз уақытқа басып алған сияқты. Алайда, мұндай оқиға орын алғанымен, көне кхмер өнерінің стильдік мұраларына әсер ете қоймады. Джаяварман II патшалық құруымен кхмерлік кезең басталады да, билеушілердің ролі де өзгере бастайды. Оған жоғарыда айтылған Ролуос ғимараттары куә бола алады. Билеуші өзін Девараджа (патша-құдай) немесе «Таулар патшасы» деп атайды. Соңғы атақты фунань билеушілері де пайдаланды. Индонезияның Шайлендра әулетінің де атауы («Индра — тау әміршісі») Оңтүстік-Шығыс Азияда патшалықты құдай әміршілері тұратын әлем орталығы тәрізді құдайлар тауымен теңестіру жайлы көне ұнділік танымның өріс алғандығын көрсетеді. Патшалардың құдайға табынушылығы сонымен бірге өздерінің құдайдың ізбасарымыз деген ұғымын туғызады. Соған орай табиғи және жасанды төбелердегі «храм-таулар» идеялары одан әрі дамып, көне камбоджа әміршілерінің сакральды-символдық резиденциясына айналды.
thumb|300px|Шива мен Парвати Осындай танымдар Ертедегі Шығыста біздің дәуірімізге дейінгі III мыңжылдықтарда-ақ белгілі болды. Бұл жөнінде Ертедегі Месопотамиядағы зиккураттарды еске алсақ та жеткілікті.
Кхмер өнері кезеңінде, өкімет басына Джаяварман II (802—805) келуіне орай, Ангкор маңындағы таудың атымен аталатын кулен стилі басымдық алды. Оның ұшар басына , Шива құдайдың фаллос түріндегі белгісі салынды.
Лингаға табыну брахмандардың көмегімен үнділік үлгі бойынша енгізілді. Осыған байланысты кхмерлер өздерінің бұрынғы буддизмге ортақтас діні индуизмді жетекші дін дәрежесіне көтерді. Ченла кезеңіне (VI—VIII ғғ.) үнді құдайларын бейнелейтін кісі бойындай құмтастан құйылған бірқатар мүсіндер жатады. (Олардың кейбіреулерінің бұдан кейін, IX ғасырларда жасалғандығын білдіретін жазулары бар.) Осы мүсіндер арасында Вишну құдай мен Харихараның (Вишну мен Шиваның бөліктерінен құралған), әйел құдай Лакшмидің, сондай-ақ Вишнудің және бір бейнесі ретінде алынған, Үндістандағы сүйкімді құдай Кришнаның мұсіндері бар. Сонымен бірге олардың қатарына индуистік құдайлар мен қатар құмтастан құйылған түрегеп тұрған және отырған Будда мүсіндері де кіреді. Адам бейнесінің образдық-пластикалық шешімі Гупттар дәуіріндегі үнді стиліне ұқсас. Бірақ ұнділік нұсқаларға қарағанда камбоджалық мүсіндердің айқын байқалатын өзіндік айырмашылықтары бар. Мүсіндерді жақындап келіп, мұқият қарағанда олардың шын мәнісіндегі дөңгелек мүсіндер емес екендігі, қашалып жасалған тас блоктардың қырлары байқалады. Бұл, әсіресе, мүсіндерді алдынан қарағанда жақсы байқалады. Үнділік мүсіндерге қарағанда жергілікті этникалық топтарға жататын адамдардың бейнелері мүлде өзгеше, атап айтқанда, оларда өзіндік ерекшеліктері бар адам көздері, дүрдиген, қалың еріндері айқын да әрлі берілген. Адам денесі де мәнерлі бейнеленген. Мұнда адамның шын бейнесін дәл көрсету оншалық маңызды емес, мәселе оның көлемін, ішкі сезімін көрсете білуде жатыр.
thumb|250px Басқа материалдардан, мәселен, осы кездерде қоладан жасалған Майтрейя бодхисаттвасы бұл мүсіндерден басқаша. Бұлардың нәзік денелерінде үнділік белгілері бар. Олар Оңтүстік Үндістанның шығыс жағалауындағы Паллавтар кезеңіндегі солармен тұстас өнерге жақын. Бұл кезеңде мұндай ұқсастық кейде басым түсіп жатады. Сондықтан да осы кездегі сәулеттегі, басқа да көптеген бедерлі әшекейлердегі ұқсастық та тегін емес. Сол кездегі осы қуатты үнді мемлекеті мен алыстағы Камбоджа арасында сауда сияқты басқа да салалардағы тікелей қарым-қатынастардың болуы әбден мүмкін. Бұл екі ел арасында соғыс жанжалдары болған емес.
Фунаньға қарағанда кхмер патшалығының айырмашылығы — ол теңіз мемлекеті болған жоқ. Кхмер патшаларының маңызды міндеттерінің бірі суландыру жүйелерін салып, соларды күту болды. Тек орталықтандырылған күшті мемлекеттер ғана үлкен су қоймалары мен көптеген каналдар салу жүмыстарын жүрғізіп, оны қаржыландырып және бақылап отыра алады. Кулен кезеңінде Кулен тауының маңында шағын кұрылыстар пайда болды. Олар Тьямпа және Ява мемлекеттерінің мәдени әсерін күшейткен тьямдар салған құрылыстар болуы керек.
Туындыларын Ролуосте кездестірген Преах Ко кезеңі (X ғасырдың бірінші жартысы) деп аталатын келесі кезеңде сол кездегі астананың айналасында үлкен суландыру құрылыстары салынған. Солардың бірі — ұзындығы 3800 метр, ені 800 метр Лолей жасанды көлі. Бұл көл Ролуос тұрғындары қорек ететін күріштік алқаптарды суландыруға қызмет еткен. Осы жерде қазылған каналдар храмдық платформалар құрылысын салуда жол қатынасы ретінде де пайдаланылған. Индраварманның ұлы әрі мұрагері Яшовармен I (889—900) бұдан да үлкен, ұзындығы жеті шақырым, ені сегіз жүз метр су қоймасын салғызған. Ол астанасы Ролуостан Яшодхарапураға (Ангкор) көшірген. Оның әмірі бойынша, сол кездегі діни орталық Пном Бакхенганы, бес мұнарадан тұратын храм-тауды айналдыра алты шақырымдық канал салынған. Бұл құрылыстың сәулеті осыдан жүз жыл бұрын салынған явалық сәулет өнерінің ең ірі туындысы — Боробудурды еріксіз еске салады. Бұл кезеңдегі стиль бакхенгтік деген ат алды. Енді ғимараттар кірпіштен емес, көлемі жағынан кейініректегідей аса үлкен болмағанмен, сол кездегі кхмерлердің өзіндік, ангкор стиліне тән тастан салынатын болды. 921 жылы Кох Кер деген жерде Яшоварман I інісі Яшодхарапуру терістікке қарай жетпіс шақырым жерден жаңа астана салды. Ол ешкімге де тәуелсіз әмірші болып, өзін Джаяварман IV (921—941) деп атады. Осы жерде Кох Кер деп аталатын жаңа стиль де пайда болды. Оған алып ғимараттар мен ерекше еркіндікте жасалған мүсіндік формалар тән болды. Раджендраварман II (944—968) кезінде бұл стиль Ангкордағы құрылысқа әсер етіп, жаңа патша салдырған Шығыс Мебон мен Пре Рупа ірі құрылыстары мен храмтауында көрініс тапқан.
thumb|left|300px Кхмер өнерінің шын мәнісіндегі інжу-маржаны X ғасыр соңында Ангкордың солтүстік-шығысынан жиырма шақырым жерде салынған, бай да әсем мүсіндермен безендірілген Бантеай Срей храмы болып саналады. Ол патша әмірімен, брахман Яджнаварахидің бастамасы бойынша салынған. Бұл сәулет комплексінің негізгі бөлегі әр түрлі құрылыстармен айнала қоршалған ұш мұнара-храмнан тұрады. Ал әр түрлі құрылыстардың бір бөлегі кітапхана деп саналған. Қызғылт құмдауыттан салынған Бантеай Срей өте жақсы сақталған (аса ықтияттылықпен жүргізілген реставрациялық жұмыстардың арқасында) және сол кездегі кхмерлік құрылыстар қатарында өзінің әдемілігімен ерекшелене түседі.
Бантеай Срейде құдайлар мен киелі жануарларды бейнелейтін жекелеген мүсіндермен бірге көп бейнелі сюжетті, бедерлі суреттер де көз тартады. Іс-қимыл үстінде бейнеленген кейіпкерлер, табиғат өсімдіктері арасында айрықша әсер береді.
Ғимараттың бір-біріне сай мөлшерлері арқасында олардың кесек ірілігі де онша байқала бермейді. Сыртқы қабырғалардағы бедерлі суреттер ертегідегідей көз жауын алады, олар эр түрлі өсімдік өрнектерімен өзара әсем үйлесім тауып безенген ұзынша және көлбеу панельдерге өрлей жайылған. Осы ғимараттардың әрбір бөлігін көркемдік сапасы, техникалық орындалуы жағынан сараптар болсақ, кхмер шеберлерінің тамаша жетістігі деп бағалауға болады.
thumb|250px|Ансара Көп ұзамай тақты кхмер патшалығы билігін Таиланд пен Лаос жерінег таратқан тым жылпос, шенқұмар Сурьяварман I басып алды. Мон өнерінің Лопбури деп аталатын стилімен жанасуы өзара ықпал етуші сипат алды. Кхмерлік әсер, әсіресе, тай мүсіндерінде басым көрінді. Тайлардың ертедегі бейнелеу өнері шығармаларын кхмерліктердікінен айыру қиынға түседі. Лопбуриде бұрынғы индуист патшалардың орнына махаяна буддизмін қолдаушы, кхмер патшасы Сурьяварман I әмірі жүретін болды. Құдай-патшаның саяси биліктегі индуистік концепциясына халық қарсы еді, оны қолдай қоймады. Тек кхмерлік биліктің соңына қарай буддизм ықпалы қайыра қанат жая бастады. Және ол, тіпті, қаталырақ оңтүстік тхверавада мектебі еді. Ал бұған дейінгі махаяна ықпалы жоққа айналып, басқару ісі халыққа жайлырақ бола түсті.
Ангкорда шамамен 1000 жылдары өнердің соңғы үлы даму кезеңі — сәулет өнерінің маңызды шығармаларын берген Бапхуон, Ангкор және Байон стильдері деп аталатын фазалармен сипатталатын кезең басталады. Бұл кезең Ангкор империясы өзінің құдай-патшаға табыну билік жүргізген дәуірдегі кхмер өнерімен бірге құлдыраған XIV ғасырға дейін жалғасты. Кхмер сәулет және мүсін өнерінің шын мәнісіндегі классикалық кезеңі екі жүз жылға созылды. Осы уақыт ішінде туындаған ғажайып шығармалар өзінің көлемі жағынан және іс жүзінде теңдесі жоқ әйгілілігімен Ангкорға даңқ әкелді.
Удайядитьяварман II (1050—1066) кезінде салынған Бапхуон храмтауы, өкінішке орай, өте нашар сақталған. Ал мұндай көлемді бұған дейін ешкім көріп-білмеген еді. Оның жоғарғы террасасының биіктігі 25 метрге жетеді. Ең биік мұнаралардың алғашқыдағы биіктігі 54 метрге жуық болған. Негізінен, Кришна құдайдың өмірін бейнелеуге арналған әсем, бай композициялы, бедерлі суреттер стильдік жағынан Бантеай Срейдегі бедерлі суреттерге сәйкес. Бапхуонмен бір уақытта