Термоэлектрлік өлшеуіш аспап () — магнитэлектрлік өлшеуіштен және бір немесе бірнеше термотүрлендіргіштен түратын аспап (қалқанды немесе тасымалды). Ол жиілік диапазоны кең (ондаған мГц дейін) тұрақты және айнымалы токтың (ЗОВ дейін) амперметрлері немесе вольтметрлері ретінде пайдаланылады. Термоэлектрлік өлшеуіш аспаптың көрсетулері ток күші қисығының түріне және электрлік кернеу қисығына байланысты емес. Т.ө.а. артықшылығы: жиілік диапазоны кең. Кемшіліктері: термотүрлендіргіштердің аса көп жүктемеге шыдау қабілеті төмен, термопарасының жұмыс істеу мерзімі аз, көрсетулерінің қоршаған ортаның температурасына байланыстылығы. Өлшеулер шегін кеңейту үшін шунттар және қосымша кедергілер пайдаланылады. Кейде ол үшін фотокүшейткіштер немесе токтың (ток күші 1А жоғары) арнайы жоғары жиілікті трансформаторы қолданылады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Өлшеу техникасы Санат:Аспаптар