Даулыбай Құсайынов Мейрамұлы (12.10.1947 жыл, Қарағанды облысы Нұра ауданы, Нұра кент) - Нұра ауданының әкімі. Қазақ. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Әкесі - Құсайнов Мейрам, ұжымшар жұмысшысы болған. Анасы - Бейсембекова Күлжәмила, ұжымшар жұмысшысы болған.
Целиноград ауылшаруашылық институтын (1971) ауыл шаруашылығы инженер-механигі мамандығы бойынша; Алматы жоғарғы партия мектебін (1990) саясаттанушы, орта және жоғары оқу орындарының әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
1971 жылдан - Қарағанды облысы Нұра ауданы «Балықтыкөл» кеңшарының механигі. 1972 жылдан - «Казсельхозтехника» Нұра аудандық бірлестігі жаңа техниканы енгізу бойынша инженер, мотор цехының меңгерушісі. 1975-1996 жылдары - Нұра аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; «Трудовик» кеңшарының партия ұйымының хатшысы; Нұра аудандық партия комитетінің ауылшаруашылығы жұмысшылары кәсіподағының төрағасы; Қарағанды облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; Нұра аудандық партия комитетінің екінші хатшысы; Нұра ауданы ауылшаруашылығы басқармасының бастығы. 1996 жылдан - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен (1999); «Еңбектегі ерлігі үшін» (1976), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астана», «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» (2007), «Аптын барыс» төс белгісімен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан.
Үйленген. Жұбайы - Нұрымова Ғалия Құдайбергенқызы зейнеткер. Ұлы - Бауыржан; қыздары - Жәния, Әлия, Нұргүл.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 қазанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Нұра ауданында туғандар Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Нұра ауданының әкімдері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан капитандары