Сергей Викторович Cиницин 1954 жылы 6 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын (1978) инженер-механик мамандығы бойынша; КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген (Минск қаласы, 1981). 1972 жылдан - С.М. Киров атындағы зауыттың слесарь-белгілеушісі. 1973 жылдан - Қазақ ауылшаруашылық институтының студенті. 1978 жылдан - МҒЗТИ Орталық тәжірибе-конструкторлық бюросының Қазақ филиалында инженер-технолог. 1980 жылдан - КСРО МҚК Жоғары курстарының курсанты. 1981 жылдан - ҚазКСР МҚК Орталық аппаратының жедел өкілі, аға жедел өкілі. 1990 жылдан - ҚР ҰҚК күзет бөлімі бастығының орынбасары, күзет бөлімінің бастығы. 1992 жылдан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы. 1995 жылдан - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары. 1996 жылдан - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары; «Orient Eagle Airways» әуе компаниясының қауіпсіздік жөніндегі директоры; бас директоры. 2000 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Президенті Істер басқармасының «Бүркіт» Мемлекеттік әуе компаниясы» РМК қауіпсіздік жөніндегі директоры. 2001 жылдан - запаста. 2005 жылдан - «Бүркіт» РМК директорының бірінші орынбасары, 2006 жылдың қазан айынан 2007 жылдың наурыз айына дейін - «Бүркіт» РМК директоры. 2007 жылдың мамыр айынан бері - «Jupiter Energy Limited» австралиялық компаниясының өкілдігінде бизнес кеңесшісі. «Құрмет» орденімен (2003); 4 медальмен; «Қазақстан Елбасы қорғаны» төс белгісімен; ҚазКСР МҚКтөрағасының грамоталарымен (1983, 1986) марапатталған; КСРО МҚК төрағасының алғыстарымен аталған (1980, 1985). Запастағы генерал-майор. Хоббиі - волейбол (КСРО спорт шеберінің кандидаты), үлкен теннис (I дәрежеге ие). Үйленген. Жұбайы - Синицина (Корсунская) Зоя Георгиевна (1962 жылы туған). Қызы - Анна (1985 жылы туған); ұлы - Андрей (1991 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар