Бұрынғы атауы №35 көше (Жаңа әкімшілік орталық). 2016 жылы көше атауы Мәңгілік ел даңғылы болып өзгерді. Орынбор көшесі Тәуелсіздік, Е. Бейсебеков , Достық, Сығанақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 9444 м.
Орынбор - Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 жылы бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Орынборда 1917 жылы Алаш партиясы, Алашорда үкіметі құрған екі жалпықазақ сиездері (шілде, желтоқсан) өткен. 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері