Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (19 наурыз 1974 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, Алматы қаласының әкімі (2015–2019). Саясат ғылымдарының кандидаты.
Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТНовая Газета Казахстан - Пройти по черте
Білімі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбектері «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы; «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы; 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.
Қызмет жолы 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, ата-анасы — Германиядағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан — ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі. 2004 жылдан — бас инспекторы. 2006 жылдан — Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдың 9 тамызынан — Алматы қаласының әкімі. 2019—2022 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Қоғамдық қызметі ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.
Марапаттары «Құрмет» (2008) орденімен; «Парасат» орденімен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.
Жеке өмірі Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Әкесі, Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы — зейнеткер, «Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау» КМК бастығының орынбасары болған. Анасы, Байбек Алтынай Құнғалиқызы — зейнеткер, «Қазгипротамақөнеркәсіп» бөлімінің бастығы, бас маманы қызметін атқарған.
Үйленген. Жұбайы — Байбек Жанар Кенжеғарақызы. 5 баласы бар.
Хоббилерінің ішінде оқу, музыка және спорт бар.
Дереккөздер
Санат:Алматы әкімдері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан дипломаттары