Үміт Болатханқызы Шаяхметова (тумысында — Тайжан; 19 наурыз 1969, Алматы) — қазақстандық экономист, Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы (2009 жылдан). Шығыс Еуропадағы жыл банкирі (2016).

Өмірбаяны

Білімі 1993 жылы - П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университетін аяқтап, «экономикалық ғылым бакалавры» біліктілігін иеленді.

1996 жылы - АҚШ Нью-Джерси штатындағы Rutgers University тәмәмдап, МВА дәрежесін алды.

Кәсіби қызметі 1993 жылы - ҚР Ұлттық банкінің қызметкері.

1997 - 1998 жылдары — «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЕБ ЖАҚ құрылымдық қаржыландыру басқармасының қызметкері.

1998 - 2000 — ЗАБК «ABN AMRO Asset Management» басқарма төрайымы, республикадағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру бастауында тұрды.

2000 - 2004 — ЗАБК «ABN AMRO Asset Management» басқарма төрайымының орынбасары, голланд банкінің қазақстандағы «еншілес» корпоративті кредиттеу блогына жетекшілік етті.

2001 жылы - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы Сарапшылар кеңесінің құрамына енді.

2004 жыл – 2009 жыл – Қазақстан Халық банкі АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2009 жыл 22 қаңтар – Директорлар кеңесінің шешімімен Григорий Марченконы қызметінен ауыстырып, оның орнына Қазақстан Халық банкінің басқарма төрайымы болып сайланды.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

2009 жыл 7 мамыр – «Қазақстан Халық банкі» директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2011 жыл мамыр – Қазақстан Республикасының гимнастика Федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Атқарушы Комитетінің мүшесі.

2012 жыл қараша – Халықаралық UnionPay International мүшесі болып сайланды.

2015 жыл маусым – Алматы қаласы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы.

2016 жыл маусым – Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Ресей, Кавказ елдерінің Өңірлік International UnionPay Кеңесінің төрайымы болып тағайындалды.

2016 жыл маусым – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қаржы секторы комитетінің төрайымы.

Марапаттар

2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2011 жылы «Парасат» Орденімен марапатталды.

Жеке өмірі Жұбайы Бейімбет Шайсұлтанұлы Шаяхметов (1969 жылы туған) — “Азия газ құбыры” ЖШС (2008—2015), “МұнайТас” солтүстік-батыс құбыры” компаниясы” ЖШС (2015—2019) және “KMG International N.V.” (2019—2022) бас директоры. Қазақ КСР және Қазақстан халық ағарту министрі (1987—1993) Шайсұлтан Шаяхметовтың баласы.

Балалары: ұлы Сәкен Шаяхметов (1990 жылы туған) — Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі (2017—2018), премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары (2018—2020) және Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2020—2022). ұлы Данияр (1996 жылы туған). қызы Динара (2008 жылы туған). Әкесі Болатхан Құлжанұлы Тайжан (1941—2007) — Мысыр, Марокко, Тунис, Алжир, Иордания (1993—1999) мен Малайзиядағы елші (1999—2001). Анасы Айсұлу Абдуллақызы Тайжан (1946 жылы туған) — медицина ғылымдарының докторы. Бауыры Мұхтар Болатханұлы Тайжан (1973 жылы туған).

Сын 2024 жылы 21 маусымда қазақстандық 13 туристтердің “I Персефони” яхтасынан байқамай отшашуы нәтижесінде Грекиядағы аралдардың бірінде үлкен өрт шықты. Кейін ол туристтердің Үміт Шаяхметова, жұбайы Бейімбет Шаяхметов, кәсіпкер Данияр Әбілғазин және әйелі мен баласы екені анықталды. Бұл жағдай жөнінде өздері де олардың ресми өкілі де пікір қалдырмады.

Сілтемелер biografia.kz Window on Kazakhstan

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Экономика Санат:1969 жылы туғандар Санат:Парасат орденінің иегерлері