Амангелді Жұмағалиұлы Омаров (30 сәуір, 1941 жыл, Қарағанды облысы, Балқаш) - техника ғылымдарының докторы (1999), ҚР-ның еңбек сіңірген көлік қызметкері.

Техника ғылымдарының докторы (1999), Халықаралық көлік академиясының профессоры, академигі. Халықаралық ақпарат академиясының толық мүшесі.

Өмірбаяны Арғын тайпасының Тобықты руының Байтемір бөлімінен шыққан. Әкесі - Жұмағали Омаров (1902-1975), ҚазКСР Еңбек сіңірген құрылысшысы, Құрметті теміржолшысы, Ленин ордені мен Халықтар достастығы ордендерінің иегері, Түркістан-Сібір темір жолы басқармасының басшысы болған. Новосібір темір жол көлігі иженерлері институтын (1966) бітірген, қатынас жолдар инженер-құрылысшысы. 1966 жылдан - Қазақ темір жолының Арыс жол қашықтығының бригадирі, аға шебері. 1968 жылдан - Қарағанды жол қашықтығының бас инженері. 1972 жылдан - Қарағанды жол қашықтығының басшысы. 1977 жылдан - Қарағанды жол және құрылыс бөлімінің басшысы, басшының орынбасары, бас инженері. 1983 жылдан - Алматы темір жолы басшысының орынбасары (Ақтоғай - Дружби Алашанькоу өткелі арқылы темір жол магистралін жобалау және қалпына келтіру ұйымдастырушылардың бірі болған). 1991 жылдан - Алматы темір жолының басшысы; «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының орынбасары. 1997 жылдың маусым айынан - Қазақ көлік жолы қатынастары академиясының ректоры. 2003 жылдан бері - Қазақ жол қатынастары университетінің ректоры.

Марапаттары «Ерлік еңбегі үшін» медалі «Құрметті теміржолшы» «ҚР Құрметті білім беру қызметкері» «ҚР Еңбек сіңірген көлік қызметкері» белгілерімен марапатталған. Қоғамдық қызметі «Темір жол қатынасы, темір жолдарын іздеу және жобалау», «Жол, құрылыс және кетергіш-көліктік машиналары» мамандықтары бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденудегі диссертацияларды қорғау Диссертацияпық кеңесінің төрағасы. «Қазақ көлік және қатынас академиясының жаршысы» (2000) және «Қазақстанның өнеркәсіптік көліктері» (2001) журналдарын шығарудың бастамашысы.

Ғылыми еңбектері 20 монографияның, оның ішінде «Қазақстандағы темір жолдарды электрлендіру» (1995) «Қозғалмалы құмы бар шөл далаларда темір жолдарды жобалау» (1999) «Қазақстандағы темір жолдардың жер табаны» (2000), сонымен қатар 250 астам ғылыми мақалалардың авторы 6 авторлық күәлігі бар.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Омарова Кәрима Әбілқасқызы. Қыздары - Омарова Ботагез Амангелдіқызы (1968 жылы туған), Омарова Гүлмира Амангелдіқызы (1973 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:30 сәуірде туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген көлік қызметкерлері Санат:Новосібір темір жол көлігі иженерлері институты түлектері Санат:Халықаралық көлік академиясының профессорлары Санат:Халықаралық көлік академиясының академиктері Санат:Халықаралық ақпарат акдемиясының толық мүшелері Санат:Қазақстан теміржолшылары Санат:Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректорлары Санат:Қазақстанның құрметті теміржолшылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақ жол қатынастары университетінің ректорлары