Болат Қажахметұлы Балахметов (11 қараша, 1969 жыл, Көкшетау қаласы) - Техника ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1992) «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жанындағы Республикалық «Құрылыс» («Қазақстан Сауда» компаниясы болып қайта құрылған) сыртқы экономикалық бірлестігінде бастаған. 1992 жылдан - Мемлекеттік «Қазақстан Сауда» сыртқы экономикалық компаниясы бас директорының орынбасары, «Разноэкспорт» компаниясының директоры. 1995 жылдан «Кazakhstan Development Co» UK LTD компаниясының атқарушы директоры. 1998 жылдан - «Қазақстан Жинақтаушы банкі» АҚ Жаңа жобалар басқармасының бастығы. 1999 жылдан - «КБК корпорациясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры. 2002 жылдан - «Метпром Групп» ЖШС бас директоры. 2008 жылдан бері - «Интергаз Орталық Азия» АҚ коммерциялық мәселелер женіндегі атқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:11 қарашада туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары