АҚШ өзіндегі еркін кәсіпкерлік жүйесін басқа елдерге үлгі ретінде ұсынады. Шынында да мемлекеттің экономикалық жетістігі экономикалық еркін бәсекелестік кезінде де, және үкіметтің ондағы кәсіпорындар мен тұлғалардың жұмысына араласпаған жағдайда да, яғни оларға нарықтағы ашық бәсекеде ілгері басуына немесе жеңіліп тынуларына кедергі келтірмеген кезде де, қалыпты болатындығы күмән тудырмай- тын сияқты. Бірақ АҚШ-тағы бизнес қай мөлшерде еркіндікті пайдалана алады? Бүл сұраққа біржақты жауап беруге болмайды. Үкіметтік реттеудің толық жүйесі кәсіпкерлік іс-әрекеттің кешенді нормаларын қалыптастырады. Жыл сайын үкімет мыңдаған жаңа нормалар қабылдап, солардың көмег- імен кәсіпкерге нені істеуге болатынын, нені істеуге болмайты- нын соңғы бөлшегіне дейін боршалап көрсетеді. Алайда, АҚШ-та үкіметтік реттеу бір жолға қойылды деп айтуға ертерек. Соңғы жылдары ол бір салада күшейтілсе, екіншісінде - босаңсыды. Шынында да, АҚШ-тың экономика тарихында үкіметтің бизнес істеріне қалай және қаншалықты терең араласуы жөнінде ұзын сонар пікір талас болғаны рас. Америка экономикасының негіздері, 2002

Араласпау саясаты үкіметтің араласуна қарсы тұруда АҚШ үкіметінің бизнеске арналған саясаты франңуздың ЬаІ8$е2-Ғаіге - «тиіспей қалдыру» деген терминімен бейнеле- неді. Бүл ұғым 18-ші ғасырдағы шотландтық Адам Смиттің экономикалық теорияларынан бастау алады, оның экономика- лық ойлары Американдық капитализмнің өсіп-өркендеуіне айтарлықтай септігін тигізді. Смиттің пікірінше, жеке мүдделер әрекет еркіндігін алу қажет. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9 Нарық еркін және бәсекелестік жағдайында істеген кезде жеке қызығушылықпен дәлелденген жеке мүдделер бірігіп қоғам мүдделеріне пайда әкеледі. Смит үкімет араласуының кейбір түрлерін қолдады, негізінен ол еркін кәсіпкерліктің ережелерін орнату міндетін атқарды. Бұл Смиттің ЬаІ8§е2-іаіге принципін жақтаған пікірі еді, соның арқасында А. Смит жеке адамға көп сенім артатын және билік дегенге күмәнмен қарайтын ел - Америкада беделге ие болды. Алайда Ьаіззег-Ғаіге принципі жеке мүдделердің көптеген жағдайларда үкіметтен көмек сұрауын тоқтата алған жоқ. Темір жол компаниялары 19-шы ғасырда грант ретінде жер және қоғамдық субсидиялар алды. Өндірістің кейбір салалары сырттан келген бәсекелестікке шыдамай, үкіметке тиісті сауда саясатын жүргізу туралы өтініштерін беріп жатты. Жеке мен- шік қолындағы АҚШ-тың ауыл шаруашылығы тұрақты түрде үкіметтен көмек алып тұрды. Өндірістің басқа салалары үкіметтен салық жеңілдігін, тіпті тікелей субсидияларды алып тұрды. Жеке меншік өндірісін үкімет тарапынан реттеу екі түрге бөлінеді экономикалық және әлеуметтік реттеу. Экономика- лық реттеу бағаны басқарады. Ол түтынушылар мен кейбір компанияларды (әдетте шағын бизнестерді) ірі компаниялардан сақтау теориясына негізделген, яғни толық бәсекелестік рынок жағдайын жасау мүмкін емес, сондықтан да тікелей қорғауды жүзеге асыру қиынға соғады. Экономикалық реттеу осы жағ- дайда өзара бытшыт қылатын бәсекелестік деп аталатыннан компанияларды қорғау үшін құрылған. Әлеуметтік реттеу болса тұрақты жұмыс орнын жасау мен қоршаған ортаны қорғау сияқты экономикалық емес мақсаттардай тұрады. Әлеуметтік нормалар қоғамға қажет әрекеттерді қолдап, зиян әкелетін корпоративті әрекеттерге тиым салады. Мысалы, үкімет фабрикалардан тазарту қондырғыларының бар болуын талап етіп, жүмысшылар денсаулығын ойлайтын және оларға төлемақы беріп тұратын компанияларға салық жеңілдіктерін береді. Америка тарихы экономикаға үкіметтің араласуын жақ- тайтындар мен Ьаіззег-ішге принциптерін қолдайтындар ара- сындағы айтысқа толы. Соңғы 25 жылда либералдар мен кон- серваторлар экономикалық реттеудің кейбір түрлерін азайтуға тіпті оны жоюға тырысты. Бұл реттеулер компанияларды бәсекелестіктен түтынушылар есебінен қорғайтынын екі жақ та атап өтті. Алайда, саяси басшылық әлеуметтік реттеу жөнінде өзара үлкен қайшылыққа келді. Либералдар экономи- калық мақсат- мүддені көздемейтін үкіметтік араласуды қол- дады, ал консерваторлар үкіметтің бүл үмтылысынан кәсі- пкерлер арасындағы бәсекелестікті шектеу, яғни өндіріс тиімділігін төмендету талпынысын көрді.

Үкіметтің араласуының өсуі АҚШ мемлекетінің өмір сүруінің алғашқы кезеңдерінде үкімет басшылары өздерінің реттеушілік мүмкіндіктерін көп пайдаланбады. Алайда, 20-шы ғасырдың келуімен АҚШ өндірісінің өсуі, ірі корпорациялардың пайда болуы тұтынушы-лар мен шағын бизнесті қорғау үшін үкіметтің араласуын күн тэртібіне қойды. 1890 жылы Конгресс Шерманның монополия- ға қарсы заңын қабылдады. Бүл заң монополияларды бөлшек- тен, бәсекелестік пен еркін кәсіпкерлікті қалпына келтірді. 1906 жылы азық-түлік пен дәрі-дәрмектің дүрыс белгіленуін және еттің сатылуынан бүрын тексерілуін талап ететін заң қа- былданды. 1913 жылы үкімет жаңа федералдық банк, Феде- ралдық сақтық қор жүйесін қабылдады, онда ұлттық ақша ре- сурстарын реттейтін және банк жүйесін қадағалайтын тетіктер енгізілді. «Жаңа Бағыт» деген атауға ие болған бағдарламаның арқасында үкімет роліне үлкен өзгерістер енгізілді, бүл пре- зидент Франклин Рузвельттің Ұлы Депрессияға берген жауабы еді. 1930-шы жылдары АҚШ өз тарихында экономикалық дағ- дарыстың ең ауырын, жүмыссыздықтың ең жоғары деңгейін басынан өткерді. Көптеген америкайлықтар еркін капитализм ақырына жетті деп есептеді. Сондықтан да олар үкімет тара- пынан қиындықтарды жеңілдету және өзін-өзі жойған бәсеке- лестік^ шектейтін шаралар қабылдауды талап етті. Рузвельт пен Конгресс үкіметтің экономикаға араласуына құқықтық негіз беретін заңдарды қабылдады. Көптеген мәселелер ара- сында бүл заңдар акция саудасын реттеді, жұмысшылардың одақ құруға қүқықтарын бекітті, жұмыс уақыты мен жалақы көлемін анықтауға жәрдемдесті, жұмыссыздарға жәрдемақы және қарттарға зейнетақы төлеуді міндеттеді, фермалар мен қожалықтарға субсидиялар бергізді, банк депозиттерді қа- уіпсіздендірді және Теннесси аңғарында дамудың үлкен аймақ- тық билігін құрды. 1930-шы жылдардан бері жүмысшылар мен түтынушы- ларды қорғайтын көптеген заңдар мен нормалар қабылданды. Жұмысқа қабылдау барысында адамның жас ерекшелігіне, жынысы, нәсілі және діни нанымына қарап қысым жасау заңсыз болып есептеледі. Жалпы балалардың еңбегін пайдала- нуға тыйым салынды. Тәуелсіз кәсіподақтар қүруға, төлемдер жайлы келіссөз жүргізуге және ереуілге шығуға кепілдік берілді. Үкімет жұмыс орнының қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау кодекстерін шығарып, олардың сақталуын талап ететін болды. Құрама Штаттарында сатылатын әрбір өнім үкімет реттеуінен өтуі қажет, атап айтқанда, азық-түлік шығарушы- лар қүмырада, қорапта және шөлмекте не бар екенін нақты жазулары тиіс; ешбір дәрі толық сынақтан өтпейінше саудаға түспеуі тиіс; автокөліктер техника қауіпсіздігі мен ластау нор-маларына сәйкес жасалулары тиіс( тауар бағасы нақтылы тіркелуі тиіс, ал жарнама берушілер түтынушыларға өз өнімдері жайлы жалған ақпарат бере алмайды. 1990-шы жылдардың басында Конгресс сауда мен байла- ныстан бастап, ядролық энергия, өндіріс өнімдерінің қа- уіпсіздігі, дәрі-дәрмек өндірісі және де жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарының жұмысын реттейтін 100-ден астам феде- ралдық агенттіктерді құрды. Солардың ішінде соңынан қүрыл- ғандардың қатарына әуе қатынасы мен сондағы қауіпсіздік ережелерін қалыптастыратын 1996 жылы жасақталған Феде- ралдық авиаңия басқармасы мен 1971 жылы дүниеге келген жүргізушілер мен автокөлік қауіпсіздігіне бақылау жасайтын Көлік жолдарындағы қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарма. Бұл екі агенттік те федералдық Көлік министрлігінің құрамы- на енеді. Реттейтін агенттіктер теориялық түрғыдан президент пен саяси күштер тарапынан қысым көрсетіле алмайтындай қүрас- тырылған. Оларды тәуелсіз кеңестер басқарады, төрағалар кандидатурасын президент Сенат мақұлдауына ұсынады. Заңға сәйкес бүл басқармалар екі негізгі саяси партия өкілдерінен құрылуы тиіс, ондағы шектелген қызмет мерзімі 5 жыл және 7 жыл аралығында. Әрбір агенттіктің 1000 қызметкерден асатын штаты бар. Конгресс агенттіктерді қаржыландырып, олардың іс-әрекетін бақылайды. Кей кездері реттеу агенттікт- ері сот сияқты жұмыстарды атқарады. Олар сот сияқты тыңдаулар өткізеді, ал олардың ережелерін федералдық соттар қарауға тиіс. Реттеу агенттіктерінің ресми түрдегі тәуелсіздігіне қара- мастан Конгрестің кейбір мүшелері үйымдастырушыларының атынан оған ықпал еткісі келеді. Кейбір сыншылар кәсіпорын- дардың өздерінің жұмысын реттейтін агенттіктерге кейде зор ықпал ететінін сынға алады( реттеу агенттігінде жұмыс істеген мамандардың өздерінің реттейтін салаларында жетік білім алып кейіннен өз қызмет мерзімін аяқтағаннан кейін сол ком- панияларға жалақысы жоғары жұмысқа тұрып жататынын айтады. Компаниялардың да шағымдары жоқ емес. Сынаушы- лар бизнесті реттейтін үкімет нормалары нарықтың өзгеруіне байланысты тез ескіріп қалатындығына назар аударады.

Федералдық үкіметтің монополияны бақылауға алуға жасалған талпыныстары Монополиялар АҚШ үкіметі қоғам мүддееіне орай рет- теуге тырысқан кәсіпорындардың алғашқылары еді. Шағын компаниялардың бірігуі кейбір ірі корпорацияларға нарық тәр- тібінен шығып, бағаларды белгілеуге немесе бәсекелестерді на- рықтан шеттетуге мүмкіндік берді. Реформаторлар бүл әре- кеттер түптел келгенде түтынушылардың тауарды жоғары ба- таға сатып алуына әкеліп соғатынын және таңдауларын шек- тейтінін айтты. Ал 1890 жылы қабылданған Шерманның моно- полияға қарсы заңы ешбір жеке тұлғаның немесе бизнестің саудайы монополияландыруға және саудаға қатысушылар ара- сында баға жөнінде келісімге келуге тыйым салды. 1990-шы жылдардың басында үкімет бүл заңды Рокфеллердің 8іапс1агс1 Оіі компаниясын және басқа да өз экономикалық беделін асы- ра пайдаланған ірі фирмаларды құлату үшін қолдайды. 1914 жылы Конгресс Клейтонның монополияларға қарсы заңы мен Федералды сауда комиссиясының заңын қабылдады, аталмыш заңдар Шерманның монополияға қарсы заңын күшей- те түсті. Атап айтқанда, Клейтонның монополияға қарсы заңы саудайы заңсыз шектетудің нақты түсіндірмесін берді. Заң кейбір сатып алушылардың басқа сатып алушылардың алдын- да биіктетіп тұратын баға айырмашылығына тыйым салды; өндірушілердің өз өнімдерін тек қана бәсекелестерінің өнімдерін саудалаудан бас тартуға келісім берген сауда аген- ттеріне өткізуге тыйым салды( және де бәсекелестікті шек- тейтін әрекеттер мен заңдар қабылдауға тыйым салды. Феде- ралдық сауда комиссиясының заңы бизнестен бәсекелестікке қарсы және басқа да күмәнді іс-әрекеттерді болдырмау үшін үкімет комиссиясы^ құрды. Сыншылар аталған монополияға қарсы құралдардың толық нәтижелілігіне күмән білдірді. Құрама Штаттарындағы болат өндірісінің жартысынан астамын өз қолында ұстаған Құрама Штаттарының болат өндіру ШіІесІ 8Ше8 8іее1 корпора- циясына 1912 жылы монополист деген кінә тағылды. Корпора- цияға қарсы сот ісі 1920 жылға дейін созылды. Нәтижесінде Жоғарғы Сот Шііесі 8Ше§ 8іее1 корпорациясын монополия деп таныған жоқ, себебі оның саудайы «негізсіз» шектеуге қатысы дәлелденген жоқ. Сот көлемділік пен монополия арасындағы айырмашылық^ мұқият қарастырыл, корпорация көлемнің үлкендігі міндетті түрде жаман болмайды деп тапты. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін үкілет монополия- ларға қарсы сот шараларын жалғастырды. Федералды^ сауда комиссиясы және Әділет министрлігінің монополияға қарсы бөлімі монополистердің тұтынушылар мүдделеріне қайшы ке- летін сауда бірлестіктерін құру және бәсекелестікті қатты шектейтін іс-әрекеттердің алдын алуға тырысты. Төрт оқиға осы әрекеттердің ауқымын көрсетеді. ш 1945 жылы Американың Аллюминий компаниясына қатысты федералды^ апелляциялық соты қараған ісінде кәсіпорынның монополия ретінде қарастырылмас бұрын нарықтағы үлесінің қаншама үлкен болуы тал- қылайды. Сот пікірінше, монополия деп есептеуге ком- панияның нарықтағы үлесі 90% болғанда толық негіз бар, ал «60 немесе 65% болғанда анықтау қажет, ал тек 33% болғанда олай есептеуге болмайды» - деп шешті.