Бауыржан Қалабайұлы Баймағамбетов (29 маусым, 1962 жыл, Ақтөбе облысы Темір қаласы) - Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу геологиялық-барлау институтын (1984) бітірген, тау-кен инженер-геолог. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. 2 кітабының және 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. 1984 жылдан - Қырғыз геологиялық басқармасының Сарыжаз геологиялық экспедициясының геологы, аға минерологі. 1989 жылдан - «БатысҚазГеология» Қарғалы ГБЭ геологы, 1-ші санаттағы геологы, жетекші геологы. 1993 жылдан - «Эльфмұнайгаз» француз компаниясының бұрғылау инженер-геологы. 1994 жылдан - Қазақ ғылыми-зерттеу геология барлау мұнай институтының Ақтөбе бөлімшесінің ғылыми қызметкері, директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 1998 жылдан — «АқтөбеҒЗГБИ» АҚ президенті. 2010 жылдан бері - «АқтөбеҒЗГБИ» АҚ бас директоры. Қоғамдық қызметі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мұнайгаз ісі жөніндегі мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы.

Марапаттары «Қазақстан мұнайына 100 жыл» «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі» белгілерімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:29 маусымда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Темірде туғандар Санат:Мәскеу геологиялық-барлау институты түлектері Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан жер қойнауын барлау үздіктері