Бақытжан Ізтілеуұлы Исенғалиев (30 қыркүйек, 1950 жыл, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында туған) - Экономика ғылымдарының кандидаты. Халықаралық көлік академиясының мүшесі.

Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтын үздік белгісімен экономист мамандығы бойынша (1975); М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің күндізгі аспирантурасын бітірген (1984). 1975 жылдан - өндірістік және оқытушылық қызметпен айналысқан. 1993 жылдан - «Әлемсистем» қаржы-инвестициялық корпорациясының вице-президенті, бірінші вице-президенті. 1995 жылдан - Германиядағы (Майндағы Франкфурт қ., Берлин) ҚР Елшілігінің бас консулы, елші кеңесшісі. 2002 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі. 2003 жылдан - ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президентінің кеңесшісі. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры. 2008 жылдан бері - «ПетроҚазақстан Инк.» вице президенті.

Шендері мен атақтары Экономика ғылымдарының кандидаты. Халықаралық көлік академиясының мүшесі. Дипломатиялық рангі - I санаттағы Кеңесші.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Бөрлі ауданында туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Халықаралық көлік академиясының мүшелері Санат:Қазақстан вице-министрлері