Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Қоңырат тайпасы Жиенбет руынан шыққан.https://m.facebook.com/story.php/?id=100022680831526&story_fbid=1553063778792968 Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды.«Өнеге» журналы, сәуір, 2011 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.
Шығармашылығы Әнші 2009 ж. Екі жұлдыз жобасында актриса Әйгерім Жаңылбаевамен бірге қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші қызметін атқарған. 2014 ж. Хабар арнасындағы «Жаңа күн» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар «Әйгөлек» балалар байқауында жас таланттарға қолдау көрсетіп, сахнада олармен бірге дуэт дайындауға ат салысып жүрген жұлдыздардың бірі.
Қызметі 2018 жылғы желтоқсаннан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болды. 2020 жылғы желтоқсанда Шымкент қалалық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ғылым жолы Майғазиев Сәкен Қордабайұлы 2020 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «6D041600 - Өнертану» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қазіргі қазақ эстрадасындағы этнофольклорлық тенденциялар (этнофольклорлық ансамбльдер шығармашылығы негізінде)» тақырыбында диссертация қорғады. Марапаттары 1996 жыл — Тараздағы Ш. Қалдаяқов атындағы халықаралық фестивальдің дипломанты. 1997 жыл — «Жас қанат» республикалық байқауының «Алтын домбыра» иегері. 1998 жыл — «Алматы-98» фестивалінің 1-орын иегері. 2006 жыл — Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығы («Эстрада» номинациясы; Үкіметтің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1218 қаулысы). 2010 жыл — Шымкенттегі Жұлдыздар аллеясында жеке жұлдыз. 2012 жыл — «Д. Қонаевқа — 100 жыл» медалі. 2013 жыл — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2016 жыл — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі. 2026 жыл — «Парасат» ордені (мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін); наградаларды 11 маусымда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов тапсырды.
Дискография 2012 ж. - CD «Бал әнім», Қазақстан.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Республикалық эстрада цирк колледжі түлектері