Сабыржан Табынұлы Оржанов (1959 жылы 1 қарашада Гурьев облысы Мақат ауданының Доссор кәсіпшілігінде туған) — инженер, зерттеуші.

Өмірбаяны 1982 жылдан- Маңғышлақ облысы, Мұнайлы ауданының Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасы бұрғышысының И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (1982) «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан - Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасы технология белімінің аға инженері. 1989 жылдан - Өзен қаласындағы Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасы АИТҚ-2 бастығының орынбасары. 1991 жылдан - Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасы техника қауіпсіздігі бөлімінің инженері. 1995 жылдан «Ақтаутрансгаз» ЖТАҚ өтім бөлімінің инженері. 1997 жылдан -«Интергаз Центральная Азия» ЖАҚ есеп-келісім белімінің инженері (Ақтау қ.). 1997 жылдан - «Ақтаутрансгаз» ЖТАҚ бас директоры. 1999 жылдан - Ақтау қаласында жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. 2004 жылдан - «ЛУКойл Оверсиз» БК «Компания Аташ» ЖШС және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК бас директорының орынбасары. 2007 жылдан бері - Ақтау қаласындағы «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» филиалының бас директоры.

Жетістіктері мен еңбектері Бірқатар зерттеулердің авторы (1984-1996).

Солтүстік Қарақия, Алатөбе, Ащыағар, Айрантақыр, Молдыбай, Долинное, Аққар, Мақат, Демал, Ақсаз т.б. кенорындарын алғаш ашушы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан инженерлері