Көп фазалы сүзбелену - кеуекті ортада газ бен бірнеше сұйықтың немесе ерітінділер мен эмульсиялардың бірге ағуы. Әрбір фазаның сүзбелену жылдамдығы фазалық өтімділікке, фазаның тұтқырлығына, қысымның градиентіне байланысты; түрбөлшектік құрамы фазалық жағдайы бойынша анықталады. Мұнай-газ кен орнын сумен тоғыту арқылы игергенде газдың, мұнайдың, судың көп фазалы сүзбеленуі жүзеге асады. Мұнай-газ-конденсат кен орнын игергенде көмірсутек газдары мен көмірдің қос тотығы қоспасының күрделі түрде бірге сүзбеленуі орын алады. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көп фазалы сүзбелену · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.