Ержан Әбдіраман (1974 жылы дүниеге келген) — қазақстандық журналист. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін 2000 жылы бітірген.
Мансабы 2000—2001 жж — «Жас Алаш» газетінің тілшісі; 2001—2003 жж Qazaqstan телеарнасында саяси сарапшы, жауапты редактор және АСБД (ақпараттық-сараптамалық бөлімі дирекциясы) Алматы бюросының редакторы; 2003—2004 жж Айқын газетінің саясат бөлімінің жетекшісі; 2004—2005 жж «Жас Алаш» газетінің бас редакторының орынбасары; 2008 жылдан бері «Жас Алаш» газетінің бас редакторының орынбасары.
Санат:Қазақстан журналистері