Алла Жандауова (1936, Атырау облысы) - мұнайшы.
Өмірбаяны Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1959).
1964-1970 жылдары - «Өзенмұнай» МКБ-да техник, инженер-химик, мұнайға анализ жасау лабораториясының меңгерушісі.
1970-1972 жылдары - Өзен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1972-1988 жылдары - Маңғышлақ газ өндіру басқармасы мұнай және газ дайындау бөлімінде инженер-химик, кадрлар бөлімінің бастығы.
1988-1995 жылдары - «Қаражамбасжылумұнай» МГӨБ-да инженер-химик, мұнай-газға анализ жасайтын сынақ - тәжірибелік лабораториясының бастығы.
1995 жылдан - зейнеткер.
Марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанныңмұнайэнциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Пайдаланған әдебиет
Санат:Қазақстан мұнайшылары