thumb|right Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Қолдануы Ақинақ б.з.б. 5-3 ғасырда қолданылған. Оның ұзындығы 40-50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне ақинақтың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф ақинақтарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат ақинақтарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. Ақинақ оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған.
Дереккөздер
Санат:Тарих Санат: Әскери іс