Бердиев Махмуд (1928, Атырау облысы). Гурьев мұнай техникумын бітірген. 1944-1969 жылдары - оператордың көмекшісі, оператор, қондырғы бастығы. 1969-1981 жылдары - цех бастығы, аға диспетчер, аға инженер, кадрларды дайындау бөлімінің бастығы. 1981-1998 жылдары - «АМӨЗ» АҚ бірінші бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен және ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар