Дергачев Александр Алексеев (1928-1996, Грозный қаласы). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986). Бүкілодақтық сырттан оқитын политехника институтын бітірген (1957).

1964-1969 жылдары — «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында өндірістік-техника белімінің бастығы, бас инженер, «Маңғышлықмұнай» бірлестігі «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы. 1969-1977 жылдары — Оңтүстік магистральды мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдау басқармасының бастығы. 1977-1987 жылдары — «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінде бас инженер, бас директор. 1987-1992 жылдары — Сирияда іссапарда (келісім-шарт жетекшісі).

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.

Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Кітап - Жемчужина Каспия - Qamba.info

Санат:1928 жылы туғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Грозныйда қайтыс болғандар Санат:Бүкілодақтық сырттан оқитын политехника институты түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері