Юлиан Карлович Писаревский (1931, Украина). Жетібай кен орнын тұңғыш ашушы (1981). Львов политехникалық институтын бітірген (1954). 1954-1991 жылдары - Гурьев геофизикалық экспедициясында сейсмикалық партияның бастығы, Орал геофизикалық экспедициясының сейсмикалық партиясы бастығы, бас инженері, бастығы. 1991 жылдан - зейнеткер. "Еңбек ардагері" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1981).Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар