Экологиялық бағдарламалар белгілі бір территорияларда тіршілік ететін организмдер (синэкология) мен жеке түрлерді (аутоэкология) зерттеуді қарастырады. Екі жағдайда да бағдарламаның мақсатын, сипаты мен көлемін анықтап алу қажет. Әрбір зерттеудің мақсаты - қандайда бір мәселені шешу немесе гипотезаны сынау, тексеру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты анық және онда жалпы міндеттермен қатар нақты міндеттер де болуы тиіс.
Мысалы:
қызығушылықты, білуге құмарлықты дамыту және бекіту; гипотезаларды ұсыну және тәжірибелерді, зерттеулерді жобалау; қойылған мәселеге жауап алу үшін сәйкесінше сапалы немесе сандық мәліметтер жинау, сұрақтарды тұжырымдау; түрлердің ұқсастықтарын анықтау үшін құрал-жабдықтар мен анықтауыш кестелерді пайдалануды машықтандыру және аңғарғыштықты, байқаушылықты жетілдіру; мәліметтерді дұрыс жазу қабілетін дамыту; алынған мәліметтерді түсіндіру үшін білімін қолдану қабілетін дамыту; мәліметтер мен жасалған қорытындылардың дәйектілігін бағалау, мәліметтерді сын көзбен қарауды дамыту; биологиялық ақпараттарды кестелер мен графиктер түрінде көрсетіп, ауызша және жазбаша мәлімдеу қабілетін дамыту; организмдерді анықтау және сақтау икемділігін жетілдіру; әртүрлі организмдер арасындағы, организмдер мен қоршаған орта арасындағы байланыстарды түсінуге үйрету, сондай-ақ экологияның динамикалық сипатын түсіну. Зерттеулердің сапасы мен бағдарламасына тәуелсіз, алынған мәліметтерді деректер түрінде ұсынбайынша басқа зерттеушілерге түсініксіз болады. Сондықтан бұл мәліметтердің жүйелі түрде көрсетілгені дұрыс. Кіріспе: негізгі ой, мәселелер, гипотеза мен зерттеу мақсаты айтылады (яғни не істеу керектігі, неліктен)? Әдіс: бағдарламаның стратегиясы (яғни, не істеледі) қай жерде, қалай, далалық жағдайдағы немесе лабораториядағы қолданылған әдістер мен құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктері. Бақылаулар және нәтижелер: кесте, график, гистограмма, диаграмма және басқа кез-келген ақпарат немесе көрнекі құрал түріндегі мәліметтер. Нәтижелерді талқылау: нәтижелерді (әсіресе сандық) талдау, сол мәліметтер және бұрынғы жарияланған материалдар негізінде жасалған тұжырымдар. Тұжырымдар маңызын талқылау: қолданған әдістерді бағалау, жіберілген қателіктерді талдау, болашақ зерттеулер үшін ұсыныстар.Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
Дереккөздер
Санат:Экология