Сарадин Рахымбердиев (1928, Атырау облысы). Гурьев политехника техникумын бітірген (1960). 1943-1946 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Қосшағыл МӨБ мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесарі. 1946-1960 жылдары - тереңсорғыштар жөндеу шебері, жер асты ұнғыларды жөндеу бригадасының шебері. 1960-1965 жылдары -Қосшағыл МӨБ кәсіподақтарының кәсіпшілік комитетінің төрағасы, «Маңғышлақмұнай» ӨБ кәсіподақтарының топтық комитетінің бірінші төрағасы. 1965-2003 жылдары - ұңғыны меңгеру цехының шебері, Өзен толық жөндеу кеңсесінде жер асты ұңғылар жөндеу ісінің аға шебері, «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай өндіру шебері. 2003 жылдан - зейнеткер. «Құрмет белгісі» орденімен (1973), үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» (2002) және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар