Меңдіғали Саппаев (1942, Атырау қаласы). ҚазПТИ-ді бітірген (1966). 1966-1988 Атырау химия зауытының электромонтеры, шебері, ауысым бастығы, учаске бастығы, цех бастығының орынбасары, цех бастығы, бас энергетигі, партком хатшысы, директоры. 1988-1990 - «Атырауэнерго» объектілер құрылысы женіндегі дирекция директорының орынбасары. 1990-1993- Атырау облыстық әкімшілігі экономикалық комитеті бастығының бірінші орынбасары. 1993- 1994 - Жылыой ауданының әкімі. 1994-1995 - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 1995-1998- «Теңгізшевройл» БК директоры. «Құрмет Белгісі» орденімен, медалдармен марапатталған. Қазіргі уақытта «Шеврон Тексако» компаниясы, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар