Әзірейіл () — діни ұғым бойынша қайтыс болар адамның жанын алушы, қаза періштесі. Бұл өте көне түсініктердің бір көрінісі, мәжусилік, пұтқа табынушылық замандарындағы наным қалдығы деуге болады. Әзірейіл исламға Мәсіхшілік арқылы келгендігі байқалады Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 . Христиан дініндегі ең басты 4 періштенің — Жабраил, Микаил (Құранда: Жибрил, Микол), Азраил және Исрафил есімдері исламға да көшкен. Аталмыш періштелер Құранда “әл-мұқараббун” деп ескертілген. Бұл Алланың бас періштелері деген ұғымды білдіреді. Олардың жеке-жеке өз міндеттері бар: Жибрил (Жәбірейіл) — хабаршы, Микол (Мәкәйіл) — дүлей күштердің иесі, Азраил (Әзірейіл) — жан алушы, Исрафил — ақырет күнінде керней шалушы.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Тағы қараңыз Құбыжықтар

Санат:Исламдағы періштелер Санат:Иудаизмдегі періштелер