Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.

Өмірбаяны Әкесі Қашаубай Орта жүздің Тарақты тайпасынан шыққан, анасы Тойған Орта жүздың Найман тайпасының Қаратай руынан шыққан, Әміре әншілік қабілетін ата-анасынан мұра етті: анасы Тойған бұлбұл дауысты музыкант, әкесі Қашаубай әншілік, серілік өнерімен халықты бірнеше рет қуантқан. https://www.inform.kz/kz/kashaubaev-amire_a2222588 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған.

Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады.

Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған. 1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі болды. 1934 жылы қазақ музыкалық театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші Алматыда оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.Балалар Энциклопедиясы, II- том

Қосымша деректер Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.

Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды.

Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады.

Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.

Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Әміре Қашаубаев туралы толықтай ақпарат Әміре сахнада Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына қарады. Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен. Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек. Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді, - дейді 1927 жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада. Әміренің аты тек Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті. Әміре - қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада,сия беретін асқан өнерпазы.

Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді. Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтын халге келді.

Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы алған бетінен қайтпайды.

Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші жігіт деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның доңғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа Семей болып Әмірені жақсы білетін болды. Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын.

Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды. Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды. Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді.

Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпайды. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездеседі. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді.

Семейде нобай|оңға|200px|Әміре Қашаубаев пен әйелі Оразке Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын, Хаулауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, «құлақ естігенді, көз көреді» болып қарт әншінің өзің де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын естігенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген кінәләр болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құламенде, көзіменде бірге тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады. Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп, біраз репертуарын байытады. Әр әнді өзінің стилінде айтуға тырысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында «әнші бала» атанып, жасы он сегізге енді таянғанда мына Қондыға келуі, Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік үлкен жаңалықтар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып Семейге келеді. Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді. Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы алды. Әмірені енді жиі шақыратын болды.

Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра түсті. Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрынғыдан да сыңғырлады. Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға шығып, бір күні Мәскеуге де жетіпті.

«Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға бара ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты қалам ақысы төленеді. Мерзімі маусым, шілде айлары. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарскийден Семейдің губерниялық бөліміне телеграмма келеді. Халық ағарту бөліміде, Әміре де сасып қалады. Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы: Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген Луначарскийдің қолымен телеграмма келді. Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ. Телеграммадағыны тек орындау керек.

Шетелде Әміре Мәскеуге жол тартты. Қояндыға барғаны Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың 1925 жылғы 26 шілде күнгі номерінде жазылған. Олардың жабайы өнерлері шығармашылығының көркемдік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық шеберлердің тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, қолдарындағы аспаптарын салыстырсақ олар тағы бірінші орын алады: тыңдаушыларға эмоционалдық, эстетикалық әсер етуде олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші – деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі.

Әміре этнографиялық ансамбільмен Парижге барады. Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді. Кеңес өнершілері Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері: Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы басқаларын айтады.