Бағила Өмірбайқызы Әшімбаева (25.3.1944 жыл, Қырғыз Республикасы, Киров ауданы Буденный ауылы) — ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1985).

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1966). 1967 — 1992 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында ғалыми, аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Физика-техникалық институтында аға ғылыми қызметкер.

Негізгі ғылыми еңбектері электрондық спектроскопияға арналған. Ол зарядталған бөлшектер шоғының энергия және масса талдамасын жасауға арналған сезгіштігі жоғары электр статикалық айналы талдауыштарды құрастыруға қатысты. Мұндай талдауыштар іргелі және қолданбалы физика мәселелерін шешуде кеңінен пайдаланылады.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992).Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:25 наурызда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Қырғызстанда туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ядролық физика институты қызметкерлері Санат:Физика-техникалық институты қызметкерлері Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері