Абуджа () — Нигерияның астанасы, халық саны 1 693 400 адам (2022). Лагостың солтүстік-шығысында, шамамен 480 км-ге жуық қашықтықта орналасқан қаланың құрылысы 1976 жылы сәулетші Танге Кензоның жетекшілігімен басталған. Астана орны оның орталықта орналасқандығына және климатының қолайлығына байланысты таңдалған. 1991 жылы астана Лагостан Абуджаға ресми түрде ауыстырылды.Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Нигерияның саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Сауда, қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалар жақсы дамыған.
Тарихы Қала іргесі 1828 жылы қаланса да, ұзақ уақыт бойы тек кішкентай ауыл ғана болды. Ол кездегі астана — Лагос қаласындағы халық тығыздығы, қоршаған орта проблемалары және саяси тұрақсыздық себепті астана болуға жарамсыз болып қалған кезде ғана үкімет жаңа астана жайлы жоспарлай бастады.
1976 жылы Нигерия үкіметі Абуджаны жаңа астанасы ретінде таңдайды.
1980 жылдары қала құрылысы басталады.
Әлемнің әр бұрышынан сәулетшілер және құрылысшылар Абуджаны салуға қатысады.
1991 жылы, Абуджа ресми түрде Нигерияның астанасы болып жарияланады.
Климаты Нигерияның климаты тропикалық саванна климаты, жылы және құрғақ. +КлиматКөрсеткішҚаңАқНауСәуМамМауШіТаҚыҚазҚарЖелтЖылмаксимум, °C34,736,836,935,632,730,629,128,930,032,034,434,633,0орташа °C27,631,130,630,226,124,526,523,323,826,725,025,126,6минимум, °C20,425,524,324,719,518,321,917,717,521,415,715,520,2жауын-шашын, мм1,75,411,362,8131,4164,2217,5262,7253,4103,23,71,21218,5
Дереккөздер
Сілтемелер
https://web.archive.org/web/20060509165241/http://www.fct.gov.ng/
Санат:Абуджа