Сәуле Мейірманқұлқызы Ешенқұлова – 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі.

1963 жылы 20 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. 1981 жылы «8 март» атындағы орта мектепті бітіреді. 1985 жылы Алматыдағы Театр және көркемсурет институтында білім алады.

1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан шығарылып қудаланған. Бір жылдан соң оқуға қайта қабылданған. Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында, «Бауыржан шоу» театрында жұмыс істеген.

«Қазақ радиосында» дикторлық қызмет атқарған. Желтоқсан көтерілісіне арналған «Қызғыш құс» фильмін түсіруге атсалысқан. «Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.

Дереккөздер