Кристофер Роберт «Крис» Эванс (; 13 маусым 1981, Бостон, Массачусетс) — америкалық актёр. Көпшілікке «Фантастикалық төрттік» (2005) фильміндегі Алау-адам және Marvel кинематографиялық әлеміндегі Капитан Америка кейіпкерлерімен әйгілі.
Өмірбаяны Эванс Бостон қаласында дүниеге келген, өскен жері Садбюри қалашығы.Pai, Tanya. Оның анасы Лиза Мари жастар театрының көркемдік жетекшісі, әкесі III Г. Роберт «Боб» Эванс тіс дәрігері қызметін атқарған. Оның екі әпкесі және бір інісі бар. Інісі Скотт ABC телеарнасындағы «Бір ғұмыр үшін өмір сүру керек» телехикаясында ойнаған. Кристің анасы жартылай итальян, жартылай ирланд болып келеді.
Эванс Линкольн-Садбери жоғарғы аймақтық мектебін бітірген. Ол және оның бауырлары католиктік бағытты ұстанады.
Мансабы thumb|right|«Капитан Америка: Қысқы жауынгер» тұсаукесерін жариялаған Эванс
«Жасөспірімдерге арналмаған» фильмінен кейін, Эванс «Жоғарғы балл» және «Ұялы телефон» фильмдерінде басты рольдерді сомдайды, сосын Чикагода екі тәуелсіз кинокартиналарға түседі. Дирк Уиттенборндың «Мейірімсіз адамдар» киносында, қаһарлы Брюсті, ал «Лондон» лентасында туысқандардың арақатынасы бұзылған нашақордың рөлін ойнайды. Кейіннен ол Marvel комиксі бойынша 2005 жылы «Фантастикалық төрттік» және 2007 жылы шыққан сиквелі «Фантастикалық төрттік: Күміс серфердің шабылуы» фильмдерінде Алау-адамды ойнайды. 2007 жылы Дэнни Бойлдың ғылыми фантастикалық «Күн Жарығы» фильмінде ғарышкер Мейстің ролін сомдайды.
2008 жылы Эванс басты ролдегі Киану Ривзбен «Көше Қожайындары» фильміне түседі. Келесі жылы ол Дакота Фэннинг, Камилла Белль сынды актрисалардың қатысуымен «Соққы» атты ғылыми фантастикалық триллерде ойнайды. Осы кинода Крис бүкіл күрес көріністерін өзі орындағандықтан, түсірілім кезінде көгерген күйлі жүрген. Сол жылы Крис Эванс Forbes-тағы «Жұлдыздар байлығы» рейтингісі бойынша 474-орын алады.
2010 жылы ол ағайынды Кассендердің «Кемшілік» фильмінің түсіруін аяқтайды, тағы осы жылы Сильвен Уайт режиссерлік еткен DC Comics Vertigo комиксі желісі бойынша «Лузерлер» кинолентасына түседі. Кейін Эдгарт Райттың «Скотт Пилигрим бүкіл әлемге қарсы» киносында Лукас Лиді бейнелейді.
2011 жылы Эванс Marvel Comics кейіпкері Капитан Америка ролінде Капитан Америка: Бірінші кек алушы және екінші пландағы ролдегі Анна Фэриспен романтикалық «Қанша сенде?» комедиясында ойнайды. Эван Рэйчел Вудпен 2011 жылы Gucci Guilty парфюмериясын және Guilty pour Homme иіссуын жарнамалайды.Rosenblit, Rachel. "Chris Evans and Evan Rachel Wood Promote Guilty" , Elle, тамыз 12, 2010."Gucci Guilty Pour Homme To Launch", RealStyleNetwork.com, қаңтар 10, 2011.
Крис Эванс Капитан Америка ролі үшін мультиконтрактқа отырады. Аталмыш кейіпкердің 2012 жылы шыққан «Кек алушылар» фильмін сомдайды. Сосын ол Майк Шэннонмен «Ызғарлы» триллеріне түседі. Осы роль үшін Крис басына парик тағады және сақал мұртын өсіреді. Ол Оңтүстік Кореяда Пон Чжун Хоның «Тесіп өткен қар» картинасына түседі.
2014 жылы «Капитан Америка: Қысқы жауынгер» фильмі жарыққа шықты. Картинада әдеттегідей өзінің қаһарман жауынгер Капитан Американы сомдады.
2015 жылы «Кек алушылар: Альтрон дәуірінде» және 2016 жылы Капитан Америка жайлы үшінші сиквелі «Капитан Америка: Азамат соғысы» фильмдерінде өзінің кейіпкерін бейнеледі. 2014 жылы наурызда Крис Эванс Marvel-мен келісімшарт аяқталғаннан кейін демалыс алатындығын жарияладыGlamour magazine via және 2017 жылға қарай Капитан Американы ойнауды толық аяқтайтынына сенетіндігін айтты.
Жеке өмірі 2004–2006 жылдар аралығында актер Джессика Билмен кездесіп жүрген. 2007 жылы Минка Келлимен танысады, олар 2012 жылы қыркүйегінен бастап жиі кездесіп тұрды, алайда 2013 жылы қазан айында жұптар ажырап кетеді. Қатарынан алты киноға бірге түскен Скарлетт Йоханссонмен жақсы қарым-қатынаста.
Ол сонымен қатар ЛГБТ құқықтарын жақтаушысы және буддизмге сенеді.
Фильмдер тізімі Эванс фильмдерінің толық емес тізімі:
Жылы Түрі Қазақша атауы Шынайы атауы Рөлі 2000 ф Жаңадан келгендер The Newcomers Джадд 2000 ф Қарама қарсы жыныс Opposite Sex Кэри Бастон 2001 ф Жасөспірімдерге арналмаған фильм Not Another Teen Movie Джейк Уайлер 2004 ф Жоғарғы балл The Perfect Score Кайл 2004 ф Ұялы телефон Cellular Райан 2005 ф Мейірімсіз адамдар Fierce People Брайс 2005 ф Фантастикалық төрттік Fantastic Four Джонни Шторм / Алау-адам 2005 ф Лондон London Сид 2007 ф Тасбақа-ниндзялар TMNT Кейси 2007 ф Күн жарығы Sunshine Мэйс 2007 ф Күтушінің күнделігі The Nanny Diaries Хэйден 2007 ф Фантастикалық төрттік: Күміс серфердің шабылуы Fantastic Four: Rise of the Silver Surfer Джонни Шторм / Алау-адам 2007 ф Терра үшін шайқас Battle for Terra Стюарт Стэнтон 2008 ф Көше Қожайындары Street Kings детектив Пол Дискант 2008 ф Робот-балапан Robot Chicken бірнеше рөлдерді сомдаған 2008 ф Соққы Push Ник Гант 2010 ф Бижолдар The Losers Дженсен 2010 ф Скотт Пилигрим бүкіл әлемге қарсы Scott Pilgrim vs. the World Лукас Ли 2011 ф Кемшілік Puncture Майк Вайс 2011 ф Капитан Америка: Бірінші кек алушы Captain America: The First Avenger Стив Роджерс / Капитан Америка 2011 ф Қанша сенде? What's Your Number? Колин Ши 2012 ф Кек алушылар The Avengers Стив Роджерс/Капитан Америка 2013 ф Ызғарлы The Iceman Мистер Фризи 2013 ф Тесіп өткен қар Snow Piercer Кёртис 2013 ф Тор: Түнек әлемі Thor: The Dark World Стив Роджерс/Капитан Америка (камео) 2014 ф Капитан Америка: Қысқы жауынгер Captain America: The Winter Soldier Стив Роджерс/Капитан Америка 2014 ф Кетпестен бұрын Before We Go Пит Купер 2015 ф Кек алушылар: Альтрон дәуірі The Avengers: Age of Ultron Стив Роджерс/Капитан Америка 2015 ф Құмырсқа-адам Ant-Man 2015 ф Playing It Cool Playing It Cool Жүргізуші 2016 ф Капитан Америка: Азамат соғысы Captain America: Civil War Стив Роджерс/Капитан Америка 2017 ф Дарынды Gifted Фрэнк Адлер 2017 ф Өрмекші-адам: Қайта оралу Spider-Man: Homecoming Стив Роджерс/Капитан Америка (камео) 2018 ф Кек алушылар: Шексіздік соғысы Avengers: Infinity War Стив Роджерс/Капитан Америка 2019фКапитан МарвелCaptain MarvelСтив Роджерс / Капитан Америка2019фКек алушылар: Финалtengrinews.kz. Жаңа "Кек алушылар" әлем бойынша рекорд орнаттыAvengers: EndgameСтив Роджерс / Капитан Америка2019фҚызыл теңіздегі дайвинг курортыThe Red Sea Diving ResortАри Левинсон2019фПышақтарды алуKnives OutРэнсом Драйсдэйл-Тромби2020сДжейкобті қорғауDefending JacobЭнди Барбер2021фТөбеге қарамаDon't Look UpПитер Ишервелл2021фБос жігітFree Guyкамео өзін-өзі сомдаған2022мфЛайтерLightyearБазз ЛайтерфСерый человекThe Gray ManЛлойд Хэнсен
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер