Джет Ли (; шын есімі Ли Ляньцзе (); 26 сәуірде 1963 ж.т., Пекин, Қытай) — қытайлық киноактёр, ушу шебері. «Қолбасшылар» (2007) фильміндегі генерал Пан Цин-Юньнің рөлі үшін Hong Kong Film Awards жүлдесінің «Үздік актёр» аталымының иеленген.
Өмірбаяны
1963 жылы 26 сәуірде Бейжіңде дүниеге келген. 8 жасында мектепке барған. Өзге оқушылар сияқты бірінші сыныпты бітірген соң жазғы спорт лагеріне барып, сол жерде у-шуды үйрене бастайды. Демалыстан соң балалардың ішінде тек Лидің у-шуды жалғастыруын ұстаздары қатты қалайды. Сол сәттен бастап күнделікті жаттығулар басталады.
1972 жылы ұлттық чемпионатқа кез болып, «Үздік шебер» сыйлығын иеленеді.
1974 жылы Қытайда у-шудың үздіктерінің үздігін іріктеу сыны өтеді. Нәтижесінде 30 адамнан тұратын елдің Ұлттық құрамасы құрылады. Оның ішінде Джет Ли де бар. Топқа АҚШ-қа Қытайды таныстыру жүктеледі. Осы сапар оның өмірінде маңызды рөл алады.
1975 жылы 12 жасында оны үшінші чемпионаттың іріктеу турына жібереді. Сол жылы 4 алтын медальдің иегері болады.
1977 жылы Ұлттық жарыста Джет Ли у-шудан бірінші орын иеленеді. 18 жасында оны киностудияға шақырады. Алғашқы рөлін 1982 жылы «Шаолин ғибадатханасы» фильмінде сомдайды.
1987 жылы спортшы Хуан Цюяньға үйленген. Екі қызы бар. 1990 жылы ажырасқан. 1999 жылы Джет Ли Гонконг актрисасы Нина Ли Чиға үйленеді. Джейн және Джаду атты екі қызы бар.
Фильмографиясы
| rowspan="" |2017 |ф |Жекпе-жек өнерінің сақшылары |功守道 |монах (сонымен қатар продюсер) |- | rowspan="" |2020 |ф |Мулан |Mulan |Император
Белгілі өнерақылары
Өнерақылары IMDb деректері бойынша келтірілген.
2000 — «Ромео должен умереть» — $ 2 400 000 2001 — «Поцелуй дракона» — $ 5 000 000 2001 — «Противостояние» — $ 7 500 000 2007 — «Полководцы» — $ 13 000 000
Дереккөздер
Сілтемелер
Джета Лидің ресми сайты Джет Ли — актер туралы сайт
Санат: Жауынгерлік өнер шеберлері Санат: Қытай спортшылары Санат:Киноактерлер Санат:Кунг фу шеберлері