«Бірінші арна» () — ресейлік федералдық телеарна. 1995 жылғы 1 сәуірден бастап тәулік бойы Мәскеудегі «Останкино» телеорталығынан (АСК-1) хабар таратады. Елдің бас телеарнасы болып есептеледі. Ресей аумағынан бөлек, «Бірінші арна» шет ел аумағына таралады (халықаралық нұсқасы — «Бірінші арна. Бүкіләлемдік желі»). 2022 жылғы 26 ақпанға дейін Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болды.

Телеарна 1995 жылы 24 қаңтарда «Қоғамдық ресейлік телеарна» () деген атаумен құрылып, 1995 жылы 1 сәуірде «Останкино» 1 арнасының жиілігінде хабар тарата бастады. «Бірінші арна» атауын 2002 жылы 2 қыркүйекте алды. 2011 жылғы 1 маусымнан бастап арна 16:9 форматына көшті, сонымен қатар 2012 жылғы 24 желтоқсаннан бастап HD форматында да хабар таратады.

«Бірінші арнаның» негізгі бәсекелестері — «Ресей-1» және «НТВ» телеарналары. 2015 жылғы дерек бойынша арнада 2443 жұмысшы істеген.

Еуропа одағы, АҚШ, Канада және Украина елдерінің санкциясына ұшыраған.

Дереккөздер

* Санат:Ресей телеарналары Санат:Орыс тілді телеарналар Санат:Тәулікбойғы телеарналар