Жақсартпалар. Бұйымдарға құнды қасиеттер беру (ауырлату немесе женілдету, әйтпесе беріктік, тығыздық, сусымалылық, ылғалсиымдылық т. с. с. қабілеттерін өзгерту) мақсатында сол бұйымдар дайындалатын шикізаттарға әдетте өте ұсақ (дисперсиялы) ұнтақтар түрінде қосылатын түрлі-түрлі материалдар атауы. Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4 .
Жақсартпалар әдетте химиялық тұрғыдан мейілінше енжар болып келеді, сондықтан олар қоспа түрболшектермен (компонент) реакцияға түспейді.
Дереккөздер
Санат: Геология Санат: Геофизика Санат: География