Қасымхан Жұмаш -1955 жылы 15 сәуірде туған.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
1982 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-сурет-графика факультетін бітірген. Оку бітіре салып "Жазушы" баспасында көркемдеуші редактор болып қызмет істеді. 1992 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы оқу-ағарту академиясының республикалықбаспа кабинетінде бас көркемдеуші редактор болады. 1999 жылдан көркемдеу редакциясының меңгерушісі болады. 2000 жылдан "Ғылым" ғылыми баспа орталығының компьютерліқ дизайн бөлімінің бас суретшісі болып қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, Республикалық кітап көрмелерінің қатынасушысы. Шығыс жекпе-жегі туралы 2 оқулықтың авторы. Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен түсірілген қысқа метражды филімі бар.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері