Гранитогорск — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы кент, Андас батыр ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей, ауылдық округ орталығынан 12 км, Алматы – Ташкент автомобиль жолынан оңтүстікке қарай 12 км жерде, Аспара өзені жағалауында, тау аңғарының ішіне орналасқан. Жақын темір жол стансасы – Шалдуар (18 км).

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1093 1413 129,3 534 694 130 559 719 128,6

Гранитогорскде гранит өндіретін карьер, автомобиль жөндейтін кәсіпорын, Қазақ Минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтының экспедициясы, негізгі мектеп, мектеп-интернат, аурухана, т.б. мекемелер бар.Қазақ энциклопедиясы, 5-том

Тарихы 1932 жылы Ташкент геология институтының "Гранитная гора" деп аталатын экспедициясы зерттеп қорғасынның орнын тапқан. Сөйтіп, қорғасын кенін тапқан экспедицияның есімі берілген. 1945 жылы Гранитогорск шахтасы жұмыс істей бастады. 1949 жылы шахтаның жұмысы қызған шақта елді мекен құрылды. Мұнда орыс ұлтының өкілдері көп болды. 1945-1953 жылдары бұл кәсіпорын Қырғызстан Республикасының Қарабалтадағы аса құпиялы тау-кен комбинатына қарады. 1952 жылы Гранитогорск поселкелік кеңесі ашылып, Қазақстанға қарады. 1997 жылы кент Андас батыр ауылдық округіне қарады.Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері