Елшілік — бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді. Елшілікті төтенше және толық құқылы елші басқарады.
Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді: агреман сұрау; қызметке тағайындалуы; тағайындалған елге келуі; сенім граммотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.
Елшінің негізгі міндеттері: Өзін аккредиттеуші мемлекетпен оның азаматтарының мүддесін қорғау; Өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу; Аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара достық қарым-қатынасты дамыту; Елші акккредиттеуші елдің атынан сөйлейді.
Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар. Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет ішінде еркін жүру құқы. Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойынында. Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам елдің елшіліктері Қазақстанда жұмыс істейді.
Тағы қараңыз Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің тізімі
Санат:Дипломатия Санат:Халықаралық құқық
az:Səfirlik be-x-old:Амбасада de:Auslandsvertretung fa:سفارت id:Kedutaan besar ja:在外公館 ko:외교 공관 sl:Veleposlaništvo ur:سفارتخانہ