Жаманқұм – Сарыесікатырау құмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзенінің сол жағалауын бойлай 100 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері Құм төбешікті қырқалардың биіктігі 3−7 м.
Өсімдігі Сортаң сұр және сұр топырағында жусан, теріскен, еркекшөп, изен, солтүстік бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы 2-10 м терендікте, көбінесе, тұщы келеді. Қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы құмдары