thumb|right|200px| Жәйрем – Ұлытау облысы Қаражал қаласына қарасты кент. Қаражал қаласының солтүстік-батысында 65 км жерде орналасқан.

Тарихы 1951 жылы ашылып, 1964 жылдан барланып, 1976 жылдан өнім бере бастаған Жәйрем барит-полиметалл және темір-марганец кен орындар тобының игерілуіне байланысты пайда болды (Жәйрем, Үшқатын, Жомарт, т.б.). 1972 жылы кентке айналды.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9069 адамды (4499 ер адам және 4570 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Кәсіпорындар, инфрақұрылымы Жәйремде “ENRC” тобы басқаратын “Жәйрем кен-байыту комбинаты” акционерлік қоғамы, “Жәйрем құрылыс-монтаж басқармасы” “Жәйремнан” серіктестігі, “Жәйремкөлік” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттерді өтейтін мекемелер бар. Жәйрем арқылы Түгіскен — Қаражал — Жамбыл автомобильдік жолы өтеді. Сарысу — Жәйрем темір жол тармағы арқылы Жәйрем - Қарағанды — Сейфуллин — Жезқазған темір жолдарына қосылған.

Дереккөздер

Санат:Қаражал қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері