‎ Жоғарғы Тобыл бөгені — Тобыл өзені бойында, Қостанай облысының Денисов ауданы жерінде орналасқан. 1977 жылы пайдалануға берілген.

Гидрологиялық сипаты Ауданы — 87,4 км², ұзындығы — 40 км, енді жері — 7,5 км, орташа тереңдігі — 6,3 м, көлемі — 816,6 млн м³. Бөген жағасының жалпы ұзындығы — 120 км. Су жиналатын алабы — 23 мың км². Амангелді, Қаратомар бөгендерімен қосылып бір жүйе құрайды. Бөген суы, негізінен, Лисаковск кен-байыту комбинатының техникалық қажетіне пайдаланылады«Қазақ Энциклопедиясы».

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы гидрографиясы